Қыдырғали TOP-8 сайысында жеңіске жетті

ТОП-8 Әлемнің ең мықты қол күресшілері сапындағы жерлесіміз Қыдырғали Онғарбаев үздіктер қатарында. 24 жастағы қазақ спортшысының әлемнің бірінші қол күресшісі атануға толықтай мүмкіндігі бар. Әлемдік доданың алғашқы кезеңінде, ел намысын қорғаған жерлесіміз, өзінен 50 келі ауыр, 150 келі салмақтағы Польша елінің батыры Алекс Курдечаны 5:1 есебімен ойсырата жеңді. Енді, Қыдырғали Онғарбаев жыл соңына дейін, тағы екі кезеңнен сүрінбей өтсе, жерлесіміз әлемнің бірінші қол күресшісі атанады.

Әлемдік дода барысында жеңіске жеткен отандасымыз, көпшілікпен амандасып, ұстазы Қарсыбаев Арман Романұлына алғыс білдірді. Айта кетейік, әлемнің ең мықты 8 қол күрес шеберлерінің жекпе-жегі Малайзия елінің Кучинг қаласында өтті.
Барша жанкүйерлер атынан, қазақ елінің намысын қорғап, көк туымызды көкке көтерген Оңғарбаев Қыдырғали бауырымызды құттықтап, алдағы жекпе-жектеріне сәттілік тілейміз!!!

  • 2
    Поделились