ТУРИСТІК ДҮҢГІРШЕКТЕР АҚПАРАТТЫ БІР ТЕРЕЗЕ ПРИНЦИПІ БОЙЫНША ҰСЫНАДЫ

Туристік дүңгіршек қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына мегаполистің туристік әлеуеті туралы кәсіби кеңес бере отырып, қаламыздың көрікті жерлері, мәдени оқиғалары мен мейрамханалары, жол карталары мен бүктемелері, туристік маршруттары, мәдени-бұқаралық іс-шаралардың анонстары туралы толық ақпаратты бір терезе принципі бойынша ұсына алады. Бұл туралы ақпараттық-коммуникациялық орталығы хабарлады.

Мұндай ақпараттық дүңгіршектер еліміздің бірнеше қалаларында бар. Атап айтқанда Алматы,Нұр-Сұлтан, Жамбыл,Түркістан қалаларында жұмыс істеуде.

Мақсаты – аймақ бойынша туризмді дамытып, шет елден келген қонақтарға өңіріміздің көрікті жерлерін таныстыру, оларға сапалы қызмет көрсету, қалаға қалай жету немесе келесі нысанға қалай баруға болатыны түсіндіріледі. Айта кететін жайт, орталықтағы барлық ақпараттық қызмет түрлері тегін көрсетіледі.

Қазіргі таңда дүңгіршектер тарапынан тұрғындар мен қонақтарға алдын ала жазылу бойынша (10 адамнан артық емес) тегін экскурсиялық қызмет (18.00 мен 20.00 аралығында) көрсетілетін болады. Бізде қазіргі таңда туристік маршруттар толығымен дайындалды. Болашақта әр түрлі туристік бағыттағы маршруттар әзірленіп, жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіледі.

Алдағы уақытта осы дүңгіршектерден кез келген адам қала аумағындағы барлық қонақүйлер мен мейрамханалар, қолжетімді емдеу орталықтары, ондағы бағалар мен қызмет түрлері жайында толық мәлімет ала алады.