Цирк- әлем назарында!

Әйгілі Чарльз Чаплиннің ұлы Юджин Чаплин Шымкент циркінде онлайн қонақта болды!!!

Цирк басшысы Арман Махмутұлының әлеуметтік желідегі эфиріне Швейцария мемлекетінің Женева қаласынан әйгілі әртіс Юджин Чаплин тікелей байланысқа қосылды. Эфирде Юджин Чаплиннің өмір жолы, қазақ циркінің өткені, бүгіні,болашағы жайлы сөз қозғалды.
Юджин Чаплиннің Шымкент циркіне деген көзқарасы туралы айтылды. Болашақта бірге іскерлік қатынаста жұмыс жасау жайы да кеңінен талқыланды. Әлемдік деңгейдегі цирк өнерінің дәл қазіргі ахуалы, карантиндік режимде қалай жұмыс жасап жатқаны, сонымен қатар, кино индустриясы туралы сөз қозғалды. Юджин Чаплин Шымкент циркі жайында сериал түсіретінін естіп, шын жүректен қуаныш сезімін жеткізді.

Цирк қызметкерлері онлайн эфирді лэд экран арқылы тамашалады. Юджин мырза Шымкент циркінің жанкүйерлеріне, көрермендеріне өз ризашылығын білдірді. Болашақта Қазақ еліндегі цирк өнерінің әлемдік деңгейде көргісі келетінін жеткізді. Орта Азия елдеріндегі цирк әртістері Еуропаға келіп, сол жердегі цирк әртістерімен бірге тәжірибе алмасуға шақырды. Қазақстандағы және Швейцариядағы көрермендер онлайн эфирге кіріп, өз сұрақтарын қойып, жылы лебіздерін жаудырды.