Теріскейде Еңбек ерлері мен шертпе күй шеберлерінің аллеясы ашылды

«Социалистік Еңбек ерлерімен» шертпе күй шеберлерінің аллеясы ашылды.  Облыс әкімі Жансейіт Түймебаев мерекеге орай Шолаққорған ауыл округінде орналасқан «Тәуелсіздік» саябағында болып, «Социалистік Еңбек Ері» Әділбеков Жотабай, Әлібайұлы Бөрғазы, Әметшаев Бурхан, Жынысбаев Әбілда, Дәуітбаев Жұбай, Архабаев Қодас, Тастанов Үббі, Тұяқбаев Төлепберген, Бөрғазиев Көштендер және шерітпе күйдің шебері Сүгір Әліұлы, Жаппас Қаламбаев, Төлеген Момбеков, Генерал Асқаровтардың бюсттерін салтанатты түрда ашты. Аудан халқын мерекемен құттықтаған өңір басшысы.

«Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында ел, туған жер, өлкетану тарихының шынайылығын жазуға көп көңіл бөлінудің қажеттігі, осындай игі істер арқылы қазақтың тарихи санасын жаңғырту мәселесі туралы келелі ойлар айтылғаны белгілі. Осы мақсатта ұлт, мемлекет дамуы жолында аянба еңбек еткен, азаматтардың есімін ел жадында қалдыру мақсатында ашылып отырған аллея құтты болсын»,- деді Жансейіт Қансейітұлы.

Еске салсақ, Түркістан облысы, Созақ ауданының 90 жылдық мерейтойы атап өтілуде. Осыған орай кеше 24 нысанның 22-сі ашылды. Оның ішінде 11 спорт алаңы, 4 медициналық пункт жəне 5 көшені жарықтандыру жүйесі іске қосылды. Сонымен қатар «Сырлы Созақ» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

284 рет оқылды
  • 28
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *