«ТЕМІР ЖОЛ» АУРУХАНАСЫНА ҚАТЫСТЫ РЕСМИ МӘЛІМЕТ БЕРІЛДІ

Шымкент қаласы денсаулық сақтау басқармасы әлеуметтік желілерде тараған «Темір жол» ауруханасында болып жатқан жағдайларға түсініктеме берді.

«Темір жол» ауруханасы базасында ашылған 120 төсек орынға арналған провизрлік госпитальде жедел жәрдем қызметімен жеткізілген науқастарға шұғыл медициналық қызмет көрсетіледі. Эпидемиялогиялық қолайсыз жағдайға байланысты жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілетін науқастардың саны артқан.

Соңғы бір тәуліктің ішінде ауруханаға аса ауыр халде жеткізілген 4 науқас қайтыс болып, стационарға жатқызылған пациенттердің арасында өлім жағдай көрсеткіші 3% құрады.

Қаза тапқан науқастардың төртеуінде де қосалқы аурулары (қант диабеті, артериялық гипертензия, өкпенің ишемиялық аурулары) болған. Науқастардың өлім жағдайы бойынша зерделеу жөніндегі комиссия анықтау жұмыстарын жүргізеді.

Қолайсыз эпидемиялогиялық жағдайға байланысты қала тұрғындарын сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертеміз. Егер тұмау мен суық тию белгілері байқалса, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгіну қажет. Қосымша сұрақтарыңыз болса, 39-33-47 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарласуға болады.

Қала тұрғындарының назарына: карантин режимін сақтап және адамдар көп жиналған қоғамдық орындарға бармау қажеттігін ескертеміз.

©Oninfo.kz