Таза Қазақстан: Шымкентте сенбілік жалғасты

Шымкентте #Birge Taza Qazaqstan экологиялық акциясы аясындағы сенбілік дендрологиялық саябақта жалғасты, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда Шымкент қаласының әкімдігінің 24 басқармасы және 2 кәсіпорын қызметкерлері жалпы 59.9 га аумақта тазалау, шөп ору, тырмалау, қоқыс жинау жұмыстарын жүргізді. Тазалық жұмыстарына 3 техника жұмылдырылды.

Сенбілікке қатысушылар жалпы белгіленген аумақтарда жұмыс жүргізіп, қала тазалығына үлес қосты.

Сонымен қатар, Шымкентке қарасты төрт аудан әкімдіктерінің қатысуымен, өздеріне тиісті аумақтардағы темір жол бойлары, көпқабатты тұрғын үй аулалары мен бей-берекет қоқыстар тазартылды.

Еске сала кетсек, өткен аптада Шымкентте #BIRGE #TAZAQAZAQSTAN экологиялық акциясы аясында, Шымкент қаласы әкімінің аппараты мен құрылымдық басқармалары қызметкерлерінің қатысуымен сенбілік өткен болатын. Сенбілік барысында қала тұрғындары Ақтас-1 қоқыс полигонына барар жол бойын, сондай-ақ Шымкент каналын, Қошқар ата мен Қара су өзендерінің бойын тазалады. Сенбілік барысында 20,1 шқ өзен, 14 шқ темір жол, 9 шқ жол бойлары тазаланып, 158 м3 қоқыс шығарылды. Тазалық жұмыстарына жалпы саны 3000-нан астам қала тұрғыны, 28 дана техника жұмылдырылған еді.