«Тау Самалындағы» биіктігі 40 метрден асатын мейрамхана …

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Нысанбек ауылындағы «Тау Самалы» демалыс аймағының жанынан сыртқы көрінісі аспан асты елінің сәулет нақышымен жасалған ресторан ашылып, келушілерге қызмет көрсетуде.

Демалыс аймағындағы жасанды көл бетінде қазығы қағылып, бой көтерген ресторанның биіктігі 40 метрден асады. Мейрамхана төрт қабаттан тұрады. Көл бетінен 15 метр биіктен басталатын астыңғы қабатында судың салқын самалы ескен жаздық кафе болмақ. Екінші қабатында қонақтар үшін тіл үйірер дәмді тағамдар дайындайтын асхана орналасқан. Ән шырқап, достарменен алаңсыз күйге бөленемін деушілерге үшінші қабаттағы караоке есігі айқара ашық. Ал сыйлы қонақтардың басын қосып, айтулы қуанышымен бөліскісі келгендер үшін төртінші қабатта заманауи үлгіде жасалған ресторан мінсіз қызмет атқарады.

Халықаралық талаптарға сай жасалған бұл мейрамхана жалпы ұлттық тағамдармен қатар еуропалық және шығыс үлгісінде әзірленген тағамдарға тапсырыс қабылдайды. Сонымен қатар қытай тағамдарының дәмін татуға да жағдай жасалған.

Демалыс орнындағы бұл ресторанға келушілер әсем табиғаттың құшағында көкпен таласқан сұлу таудың келбетін тамашалай алады. Флора мен фаунаға бай өлкенің ортасынан орын тепкен мейрамхананың әр қабаты 108 шаршы метр алаңды алып жатыр.

Онда демалыс аймағының қызметкерлері бір мезетте 150-ге жуық адамға қызмет көрсете алады. Келушілер ресторанға жасанды көл бетінен 20 метр биіктікте жүргізілген аспалы көпір арқылы көтеріліп табиғаттың ғажап көрінісімен бетпе-бет қауышып қана қоймай, әуезді әндермен керемет әсерге бөленеді.

Аспанмен таласқан биік шыңда тамақтанып, ерекше көңіл күйге бөленіп, қаланың күйбең тіршілігінен демалып, бой сергіте алады.

Елімізде отандық туризмнің әлеуетін ілгерілету басты бағыттардың бірі болып табылады. Осы мақсатта соңғы жылдары «Тау Самалы» демалыс аймағында кешенді жұмыстар атқарылып келеді. Атап айтқанда заманауи талаптарға сай соғылған нысанда «Бәйтерек» үлгісінде салынған қарау алаңы бар. Бұл мұнараның жанынан облыс тұрғындары мен қонақтарына арналған тағы бір ресторанның құрылысы жүргізілуде. Оның басты ерекшелігі сәулетінің Мәскеудегі Кремль ғимаратын еске түсіретіндігінде. Бұдан бөлек демалыс аймағында «Алатау» шаңғы базасы жұмыс істейді.

393 рет оқылды
  • 24
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *