Шымкенттік темір зауыты Елорданың «Нұр-Сұлтан» аталуын қолдайды

«Shymkent Temir» ЖШС қызметкерлері үндеуі.
Нұрсұлтан Әбішұлы ел басқару ісінде халықтың ғасырлар бойы жинақталған бай тәжірибесі мен әлемдік тәжірибені тал бойына тоғыстырған алғыр басшы. Ел өмірінің алуан салалы тіршілік-тынысын терең білу, маңдай тіреген проблемалардың ең елеулісін тап басып тани алу, ел ішінде және әлемдік ахуалдармен санаса отырып ұрымтал әрекеттерге бару, сол жолда таңдалған бағытын табандылықпен жүзеге асыру – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мемлекет басшысы ретіндегі басты қасиеті.
Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен тәуелсіз қазақ елінде дүниежүзілік – тарихи маңызы бар істер атқарылды. Әлем таныған, дарынды тұлға, іскер саясатшы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанды бүкіл әлемге әйгілі мемлекет етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай еңбек етуде.
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Сіздің Қазақ елінің өркендеуіне қосқан өлшеусіз еңбегіңізге шынайы алғысымызды жеткізгіміз келеді.
«Shymkent Temir» ЖШС металуургия саласында мемлекеттік бағдарлама аясына аяққа тұрған өндіріс орны. Бүгінде зауыт өнімдері Орталық Азияға экспортталуда. Мұнда 200-ге жуық қала түрғындары жұмыспен қамтылып отыр. Болашақта 600-ге жуық жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Өндіріс орнында еңбек етіп жатқан мамандар Тұңғыш Президенттің ел басқарған көрегенді саясатына алғыс айтады және Елорданың «Нұр-Сұлтан» деп аталуын бірауыздан қолдайды.
Ел үшін туған тұлғаның есімін ардақтауда біз ұжымымызбен еліміздегі орталық көшелерді «Нұр-Сұлтан» деп атауын жылы қабылдап, өз үнімізді жеткізгіміз келеді.

Шымкент қаласы «Shymkent Temir» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ұжымы.

79 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *