Тамара Дүйсенова: Мұндай форум жыл сайын өтеді

Шымкентте «Нұр Отан» партиясының жаңғыруы аясында бастауыш партия ұйымдарының екі күндік аймақтық форумында бірқатар өзекті мәлесе қаралды, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан, Алматы, Қызылорда, Жамбыл облыстық филиалдарының төрағаларының орынбасарлары бастауыш партия ұйымдарының қызметін жандандыру бойынша пікірлерін ортаға салды. Пленарлық мәжілісті қорытындылаған Тамара Дүйсенова қазан айында Астана қаласында республикалық БПҰ-ның форумы өтетінін айтты.

– Елбасының «Нұр Отан» партиясын жаңғырту тапсырмасына сәйкес, Орталық аппарат бірнеше үлкен жобаны қолға алды. Бастауыш партия ұйымдарының белсенділігін арттыру бойынша жобаны талқылап шықтық.  Мұндай форум жыл сайын өтеді. Әр партия мүшесі өзінің көшбасшы партияның мүшесі екенін білсе, қоғамдағы болып жатқан оқиғаларға өзінің де жауапкершілігі бар екенін сезінетін болса, партияның өмірі ұзақ болады. Республикалық форумға дейін ұсыныстарыңызды қабылдауға дайынбыз, – деді Тамара Қасымқызы.

Айта кетсек, 15 қыркүйекке дейін партияны жаңғырту бойынша қосымша ұсыныстар қабылданады.

 

  • 5
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *