«ТАБЫС ТА, ТҰРМЫС САПАСЫ ДА АРТАДЫ»

Бүгін Қазақстан Республикасы Сенат мәжілісінің депутаттары А.Бейсенбаев, Ә.Бектаев және Ә.Құртаев Ордабасы ауданына ат басын бұрып, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын насихаттау мақсатында алқалы жиын өткізді.

Алғаш болып сөз алған Әлімжан Сейітжанұлы бұл Жолдаудың ерекшеліктеріне тоқталып, ел игілігіне бағытталған негізгі басымдықтарын тілге тиек етті.
Жусансай ауылының тұрғыны Ә.Қарынбаев,медицина саласының ардагері, ауданның Құрметті азаматы И.Оразбаев, аудандық Жастар орталығының сектор меңгерушісі Н.Көшбай Ордабасылықтардың Жолдауды қолдайтынын айтып, ауылшаруашылық, медицина, білім саласындағы орын алатын оң өзгерістер мен жастарға деген ерекше қамқорлыққа ризашылықтарын жеткізді.

Еңбек ардагері Ә.Бекжанов жаңадан құрылған Түркістан облысының және мегаполис атағын иеленген Шымкент қаласының дамуына қатысты қандай жоспарлар барын сұраса, Ә.Қойшыбаев сенаторлардан жайылым мәселесін назардан шығармауды өтінді. Сондай-ақ, Бадам ауыл округі әкімінің орынбасары Б.Ақынов зейнетақы қорындағы қаржыны үлестіру тәртібі қайта қаралса деген ұсынысын жеткізді. «Кәусар» гимназиясының мұғалімі А.Тұманова «7-20-25» бағдарламасының тиімділігі жөнінде тереңірек түсінік беруді, ауылдағы мұғалімнің қаладан баспана алу мүмкіндігі қай деңгейде екенін сұрады.

Тұрғындардың сұрақтарына тиянақты жауап берген халық қалаулылары Жолдау жүктеген міндеттерді орындауда әр азаматтың үлесі болуы керектігін атап өтті.
Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Ғ.Үсенбаев Сенат мәжілісінің депутаттарына ордабасылықтардың атынан алғысын жеткізіп, жиынды қорытындылады.

464 рет оқылды
  • 59
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *