ТӘУЕЛСІЗДІК – МӘҢГІЛІК ЕЛДІҢ ТҰҒЫРЫ

Біз үшін жаңа дәуірдің арайлы таңы 1991 жылдың 16 желтоқсанында атты. Сол күні әлем көгінде «Қазақстан Республикасы» атты жаңа жұлдыз жарқырай туды. Биыл рухы асқақ, тұғыры биік мемлекетімізге 27 жыл толып отыр.

Тәуелсіздік күні – Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Тарих тұрғысынан қысқа мерзім ішінде халқымыз Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатын қолдай отырып, әлеуметтік-экономикалық даму жолына түсті. Қазақстан Республикасы өзін бейбітшіл әрі жасампаз ел ретінде әлемге танытты. Ұлт Көшбасшысы «Қазақстан – 2050» Стратегиясында «Мәңгілік ел» идеясын Тәуелсіздігіміздің басты құндылығы ретінде атады.
Осыған орай, бүгін қалалық мәдениет үйінде еліміздің ең Ұлық мерекесі-16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Салтанатты шараға қала әкімі М.Қадырбек, әкім орынбасарлары, мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары мен қызметкерлері, партия өкілдері, зиялы қауым, этномәдени орталықтардың және БАҚ өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында қала әкімі Мұрат Болатұлы қала халқын мерекемен құттықтап, еліміздің өркендеуіне үлес қосып жүрген бірқатар азаматтарды облыс және қала әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.
Мереке одан әрі қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты.

62 рет оқылды
  • 5
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *