ТҮРКІСТАНДА «ONTUSTIK» ТЕЛЕАРНАСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК СТУДИЯСЫ ЭФИРГЕ ШЫҚТЫ

Түркістан облыстық «ONTUSTIK» телеарнасы облыс орталығы мәртебесіне ие болған Түркістан қаласынан тікелей эфирде ақпарат таратуды бастады.

Тарихи шаһардағы жаңа студия енді телеарнаның Шымкенттегі жаңалықтар қызметіне қосымша қосылу арқылы тікелей эфирде көрерменді жаңалықтардан құлағдар ететін болады. Тілшілер қосыны өңірдің дамуы, саяси мәдени өміріндегі өзгерістер жайында апта бойына түрлі телехабарлар әзірлеп, көрерменге ұсынбақ.
Жаңа студияның ашылу салтанатына өңір зиялылары мен телеарна ардагерлері қатысты. Олар облыстың басты арнасына айналған шығармашылық ұжымның жаңа бастамасының тұсауын кесіп, ақ тілектерін арнады. «ONTUSTIK» телеарнасының директоры Бауыржан Бердімұратовтың айтуынша, жаңа студия Түркістанның тың жаңалықтарын республика көлемінде таратын болады.

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының оңтүстік филиалы қазіргі таңда 18 сағат хабар таратады. Оның ішінде қазақ тіліндегі көрсетілімдердің үлес салмағы — 90 пайызды құрайды. Телеарна хабарларын бүгінде ел аумағынан бөлек «Отау Тв» жер серігі желісі арқылы Өзбекстан мен Қырғызстан жұрты да тамашалай алатын мүмкіндікке ие. Шығармашылық өрлеудің нәтижесінде эфирдің 80 пайыздан астамында телеарнаның өз өнімі көрсетіледі. Оның 25-і ақпараттық жанрда болса, 3-і музыкалық, екеуі сараптамалық және ток шоу жанрында. Осы жаңа студияда алдағы уақытта облыс орталығының барлық жаңалықтары төрткүл дүниеге насихатталады», — деді Бауыржан Қамбарұлы.

Сондай-ақ, салтанатты шара барысында «ONTUSTIK» телеарнасынан эфирде өткен «Ақ бата» байқауының қорытындысы жарияланды. Бұл «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында телеарнаның қолға алған тың жобаларының бірі. Салт-дәстүрімізді жаңғырту, оны ұлықтау мақсатында өткізілген байқауға облыстан 45 батагөй қария қатысып, олар жас ерекшелігіне қарай 3 топқа бөлінді. Шешендігімен танылған батагөйлер түрлі аталым бойынша марапаттарға ие болды.

166 рет оқылды
  • 52
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *