ТҮРКІСТАН: ЖЫЛ БАСЫНАН БЕРІ 700 ТОННА ЕТ ЭКСПОРТТАЛДЫ

Түркістан облысының Сайрам ауданы ет өндіруде еліміз бойынша алдыңғы қатарлы аудандардың бірі саналады. Әлемді жайлаған індетке байланысты жарияланған төтенше жағдайға қарамастан мұндағы мал өсіріп, ет өнімін өндіретін шаруа қожалықтары жұмысын тоқтатқан жоқ.

Нәтижесінде Сайрам ауданынан 2020 жылдың I тоқсанында Өзбекстан, Иран, Ресей сынды көрші мемлекеттеріне 465 бас мүйізді ірі қара мал мен 75 бас жылқы, 57 бас уақ мал тірідей және 506 тонна сиыр еті, 71,4 тонна қой еті сойыс салмағында экспортталған. Бұдан бөлек, 566 тонна мал азықтық құрама жем Өзбекстан және Ауғанстан мемлекеттеріне жөнелтілген, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Экспорттан бөлек, сайрамдық ет өндірушілер өз өнімдері мен Шымкент қаласы мен Түркістан облысының және де Алматы, Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Тараз, Ақтөбе, Атырау, Орал, Қызылорда сынды қала тұрғындарын да тұрақты қамтамасыз етіп келеді.