Түркістан: «Жас кәсіпкер» бағдарламасының жемісі

Түркістандық жастар «Жас кәсіпкер» бағдарламасы арқылы несие алып, өз кәсібін жүргізуде.

Ахан Рахымбердиев — Түркістан облысында «Жас кәсіпкер» бағдарламасы арқылы несие алып, бүгінгі таңда өз кәсібін жүргізіп отырған жастардың бірі. Ол Сарыағаш қаласында баспа қызметтерін ұсынатын, жарнама жұмыстарымен айналысатын — «Эффект жарнама» реклама орталығын ашты.

Бүгінгі таңда қала тұрғындарына өзі секілді жас мамандармен бірлесе, ісін ары қарай дамытуда. Болашақта еліміздің дамуна үлес қосатын мықты азамат болуды армандайды.

Еске сала кетсек, «Жас кәсіпкер» бағдарламасына 18-29 жас аралағындағы өңір тұрғындары ғана қатыса алады. Конкурс нәтижесінде жобаны қаржыландыруға 7 пайыздық мөлшермен 2 млн теңгеге дейін несие беріледі. Дегенмен жастарда 2 кепілгер немесе 1 кепілдік заты болуы шарт. Стартап жобалар Ырыс микроқаржы ұйымы арқылы қаржыландырылады. Оның мерзімі 60 айға дейін, ал жеңілдетілген мерзім 9 айға дейінгі уақытты қамтиды. Жобаға қойылатын талап қатарына инновациялық бағытта болу және аймақтың экономикасын дамытуға үлес қосуы кіреді.

фото: Асхат Әссанди

34 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *