«ТҮРКІСТАН — ЖАҢА ҚАЛА» ШАҒЫН АУДАНЫНДА 88 ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Қазіргі таңда Түркістан қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталығында жалпы 114 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.
Атап айтқанда, 1200 пәтерлік арендалық 20 тұрғын үйдің 1-і маусым айында тапсырылады.

Ал, 540 пәтерлік 9 тұрғын үй желтоқсан айында пайдалануға беріледі. Кредиттік 6 тұрғын үй тамыз айында тапсырылады. Олар тиісті инфрақұрылым жүйелерімен жоспарға сәйкес толық қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, «Түркістан» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы және жеке инвесторлардың есебінен 88 тұрғын үйдің құрылысы жоспарлануда. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 10,0 млрд. теңгеге 26 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.
Қалған 62 тұрғын үйді 2020 жылы тапсыру жоспарланып отыр.

117 рет оқылды
  • 4
    Поделились