Түркістан: Қызылкөл ауылында спорт алаңы пайдалануға берілді

Құмкент ауыл округінде жаңа спорт алаңы пайдалануға берілді.

Созақ ауданының 90 жылдық мерейтойына орай дан көлемінде бірнеше әлеуметтік нысандар, спорт алаңдары пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бүгін, Құмкент ауылдық округі Қызылкөл елді мекенінде кіші футбол алаңы ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

Алаңның ашылу салтанатында Созақ ауданы әкімі аппаратының басшысы Оразов Қалдыбек Әбілдаұлы және аудан әкімдігінің денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мерей Ниязәліұлы қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Сондай-ақ ауыл тұрғындары атынан Есентайұлы Жұманәлі салауатты өмір салтын насихаттап, көпшілікке жақсы таныс футбол түрінің одан әрі дамуына тілектестік білдіріп, жастарға сәттілік тіледі.

Кіші футбол алаңы ауыл жастарының спортпен айналысуына, салауатты өмір салтын ұстанатын орыны болмақ.

Еске салсақ, Түркістан облысы, Созақ ауданының 90 жылдық мерейтойы атап өтіліп жатыр. Осыған орай бүгін 24 нысанның 22-сі ашылды. Оның ішінде 11 спорт алаңы, 4 медициналық пункт жəне 5 көшені жарықтандыру жүйесі іске қосылды. Сонымен қатар «Сырлы Созақ» атты республикалық ақындар айтысы өтті.

243 рет оқылды
  • 22
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *