Түркістан: Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселе шешімін тапты

Түлкібас ауданында жергілікті тұрғындар тарапынан көтерілген әрбір мәселе назардан тыс қалмай, кезең-кезеңімен іске асуда, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі. Мәселен, Түлкібас ауданының әкімі Нұрбол Тұрашбековтың Балықты ауылдық округі тұрғындарының алдында 2018 жылдың қорытындысымен есеп беру барысында, округ орталығындағы Коморов және Пушкин көшелерінің тұрғындары көшені жөндеу мәселесін көтеріп, өтініші білдірген болатын. Мәселе бір жыл ішінде оң шешімін тауып келеді. Бүгінгі таңда тұрғындардың өтініші толығымен қанағаттандырылды. Жалпы ұзындығы 3 шақырымды құрайтын екі көшеге бүгінгі таңда аудандық бюджет есебінен ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Коморов көшесінің ескірген электржелі бағаналары толығымен ауыстырылды. Жерлігікті тұрғындар билікке алғысын білдіріп, рақметін айтты. Аталмыш көшелердің тұрғындарының айтуынша, бұл көшелер ауылдың көркін ашып қана қоймай, жауын-шашынды күндері жүріп-тұруымызға өте қолайлы болғанын айтып, аудан басшылығына алғыстарын айтуда. Бала-шағамыз мектепке барарда әбіржіп кететін еді, енді жол жөнделді. Әкім уәдесінде тұрды деп дән риза халық.