«Түркістан-Шымкент»  жүрдек пойыз бағыты ашылды

Бүгін салтанатты түрде  «Түркістан-Шымкент» жедел пойызының маршруты іске қосылды.

Жедел пойыз әзірге аптасына 2 рет, дүйсенбі мен жұма күндері қатынайды. Яғни, дүйсенбі күні Шымкент қаласынан Түркістанға сағат 05:45-те, жұма күні Түркістан қаласынан Шымкентке сағат 19:25-те жолға шығады. 2 сағат 15 минут жүретін пойыз тек Арыс қаласына ғана аялдайды.

Пойыз 175 адамға шақталған. Жол жүру құны 609 теңге болып бекітілген. Билеттерді кез-келген теміржол кассаларынан немесе интернет арқылы алуға болады.

568 рет оқылды
  • 372
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *