Түркістан: Шардаралық 9 спортшы әлем чемпионы атанды

Түркістан облысы, Шардара ауданының спортшылары Түркияда  өткен армрестлингтен 40-шы әлем чемпионатына қатысып қайтты. «ШАРДАРА  АРМСПОРТ» клубының қол күресшілері әлемдік додаға Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында сайысқа түсті.

Анталия қаласында жасөспірімдер,жастар,ересектер және ардагер спортшылар арасындағы жарыстар жоғары деңгейде өтті.

Әлемнің  50  мемлекетінің спортшылары  жиналған дода 8 күнге жалғасты. Онда   шардаралық қол күресшілер ел қоржынына  9 алтын, 4  күміс, 3 қола медаль салды. Жесімпаздардың қатарында: 1 орын — 50 кг-Жүсіп Дархан (жасөспірімдер арасында ) 55 кг-Қадыр Нұрхан (жасөспірімдер арасында) 60 кг-Сарыбай Ердәулет (жасөспірімдер арасында) 80 кг-Қаржау Есболат (жасөспірімдер арасында) 65  кг-(қыздар)-Камал Ұлбала (жасөспірімдер арасында)  60 кг-Өсербай Қыдыр (жастар арасында) 60 кг — (қыздар)-Мәлікайдар Ләззәт (ересектер арасында) 55 кг-Әбсаттар Дәурен (ересектер арасында) 65 кг-Айдархан Нұрдәулет  (ересектер  арасында осымен  әлемнің  4 дүркін чемпионы атанды) 2 орын — 75 кг-Айтбек Бекет (жасөспірімдер арасында) +80 кг-Арапбай Азамат (жасөспірімдер арасында) 65 кг- (қыздар) -Мәлік Жұлдыз  (жастар арасында) 100 кг-Тағабаев Берік  (ардагерлер арасында) 3 орын — 65 кг-Пірімбет Абзал (жасөспірімдер арасында) 70 кг-Ақтаев  Талғат (ересектер арасында) 110 кг -Құттымұратов  Медет (ересектер арасында). Айта кетейік, бұған дейін Шардарада 24 спортшы дүниежүзінің чемпионы атанғанын хабарлаған болатынбыз. Олардың жетеуі екі дүркін әлем чемпиондығын жеңіп алған.

Дерек көзі: inform.kz

37 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *