Түркістан: Отырар туризм орталығы болады

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Бюджет қоржынын туризм кластерін дамыту арқылы толтыру қажет». Осы мақсатта туризмді дамытуға бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Елбасы тапсырмасы аясында Арыстанбаб және Отырар төбенің айналасын абаттандыру жұмыстары басталды.

Отырар ауданына ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы арнайы келді. Сапардың негізгі мақсаты – сыртқы туризмді дамыту, Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи өлкені шетелдіктерге кеңінен насихаттау.

Іс-сапар барысында Елбасының  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында «Отырар қала жұртының сапар-орталығына» «аманат хат» капсуласын салды.

Жақын арада Отырар ауданында Арыстанбаб пен Отырартөбені жалғайтын нысандар салу жоспарлануда. ҚР Мәдениет және спорт министріне аудан әкімі Ерлан Айтаханов қолға алынған жобаларды толықтай таныстырып өтті. Жоспар бойынша этно-орталықта барлық стандарттарға сай 60 орындық қонақ үй және сквер салынатын болады. Нысандардың құрылысына қажетті қаржы бюджеттен бөлінеді, сонымен қатар, жеке инвесторлар да тартылатын болады.

40 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *