Түркістан облысының студенттерін полицияға жұмысқа орналасуға шақырды

Кентау көпсалалы колледжінде Түркістан облысы ПД-мен оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және өзара іс-қимыл бойынша меморандум аясында полицейлер мен студенттердің кездесуі өтті. Кездесуге Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Бағлан Халықов, Кадр саясаты жөніндегі басқармасының бастығы полиция полковнигі Мақсат Асқаров, Кентау ҚПБ бастығының орынбасары Мұхамедәлі Тұрғынбаев және 50-ден шамамен колледж студенттері қатысты.

Оқуды аяқтағаннан кейін оқу орнын бітірушілердің алдында – қайда барып жұмыс істеймін деген жауапты таңдау болатыны белгілі. Әрине болашақ мамандардың арасында өзінің тағдырын ішкі істер органдарындағы қызметпен байланыстырғысы келетіндері де бар. Кездесу барысында полицейлер, студенттерге полицияға қызметке кіру тәртібі мен ҚР ІІМ-нің  бастапқы дайындықтан өту шарттары жөнінде айтып өт

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Бағлан Халықов өз сөзінде  «Ішкі істер органдарын жаңғырту жол картасы» бойынша осы жылы полицейлердің қызметтік іс-әрекетіне байланысты жалақылары 20-дан 65%-ға дейін көтерілді, тұрғын үйді жалға алу төлемі төленеді, ерекше зейнетақымен қамтамасыз етілген, яғни еңбек сіңірген жылдарымен шекті жасқа жетуі, сондай-ақ  ішкі істер органы қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында басқа да жолдары қарастырылған» -деп атап өтті.

Өз кезегінде, Кадр саясаты жөніндегі басқарманың бастығы Мақсат Асқаров студенттерге қызметке орналасу тәртібі, кандидаттарды бағалау критерийлері, тестілеуден өту мен физикалық дайындығы, сонымен қатар полициядағы жұмыстың ерекшеліктері және әр түрлі бөлімшелердің күнделікті қызметі туралы айтып, түсіндіріп өтті.

Кездесу соңында тәртіп сақшылары студенттердің барлық сұрақтарына жауап беріп, бітіруші түлектерді ішкі істер органдарына қызметке орналасуға болатындығын жеткізіп, ҚР ІІМ-нің болашақ полицейлерді дайындайтын оқу орындарына түсуге шақырды.          Полицейлер, болашақ азаматтарға өмірлерінде дұрыс таңдау жасайтынына сенім білдірді.