Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаев жұмыс сапарымен Жетісай ауданында болды

Жетісай ауданында мақта теру науқаны аяқталуына санаулы күндер қалды. Қазіргі таңда аудан бойынша 48226,8 гектар мақта алқабынан 126 мың 192 тонна шитті мақта жиналды. Ақ алтынның түсімділігі әр гектарынан 26,2 центнерді құрады. Бүгін бұл туралы Түркістан облысының әкімі Ж. Түймебаевтың Жетісай ауданына жасаған жұмыс сапарында мәлім болды.

Өңір басшысы ең алдымен Жетісай қаласындағы «AIIG Kazakhstan» ЖШС-нің мақта зауытының жұмысымен танысты. Аталған зауытта 660 адам жұмыс істейді. Қуаттылығы жылына 40 мың тонна. 2013 жылы құрылған зауытта мақта талшығы, техникалық тұқым, линт, улюк дайындалады. Жалпы аумағы 5,6 гектарды құрайды. Мұнда өндірілген өнімдер негізінен еліміздің барлық аймағына таратылады.
Облыс әкімі зауыт жұмысшыларымен кездесіп, ауданымыздағы «Озат терімші, «Ең үздік комбайншы», «Ең үздік терімші», «Ең үздік мақта зауыты» номинацияларының иегерлерін марапаттап, сый-сияпат табыстады.

Мұнан соң облыс басшысы Жаңаауыл ауылдық округі Ынтымақ елдімекеніндегі 600 орындық жаңа мектептің ашылу салтанатына қатысты. Құрылысы былтырғы жылдың қазан айында басталған мектептің жалпы құны 1 млрд 113 млн 644 мың теңге. Оның 878 млн 734 мыңы республикалық бюджеттен, ал 200 млн теңгесі Ұлттық қордан бөлінген. Үш қабатты ғимараттың құрылысын жетісайлық «Нүрі-Л- Жетісай» ЖШС мердігер мекемесі мерзімінде аяқтап ел игілігіне тапсырып отыр.
Өңір басшысы бастаған топ мұнан соң Жетісай қаласындағы орталық саябаққа атбасын бұрды. Мұнда Жетісай қаласының 49 жылдық мерейтойы мен «Алтын күз-2018» іс-шарасы қатар аталып өтті. Облыс әкімі жемістер перамидасын тамашалап, сүт, нан өнімдері және ауылдық округтердің ауыл шаруашылық өнімдерінің көрмесін аралап көрді. Мереке барысында «Бұқа», «Ләңгі», «Айыр ағашпен дәлдеу», «Көңілді старт» сынды спорттық сайыстар ұйымдастырылып, қонақтар бауырсақтан жасалған пирамидадан дәм татты.
Шара барысында облыс әкімі барша жетісайлықтардың қала күні мерекесімен құттықтап, үздік ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне түрлі номинациялар табыс етіп, сый-сияпат көрсетті.

42 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *