Түркістан облысының аудандары экочелленжге атсалысты

#Birge #TazaQazaqstan экологиялықакциясы аясында Түркістан облысында Жалпыхалықтық сенбілік болып өтті. Туған жер табиғатының тазалығын сақтау, экологиялық аймақтардың келбетін қалыптастыру, өзен-көл арналарының көзін ашу жұмыстарына Бәйдібек, Жетісай, Түлкібас, Келесаудандарының түрлі саладағы қызметкерлері, еріктілер, үкіметтік емес ұйым мүшелері, жергілікті тұрғындары белсенділік танытты.

Бәйдібек ауданы аумағынан ағып өтетін өзен арналары қоқыстан тазартылып, оған 2885 аудан тұрғыны тазартылды. Арнайы акцияға жұмылдырылған 13 техника көмегімен 4,8 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Аудандық ауқымды шара Теректі, Қаратас, Боралдай елді-мекендерін жағалай ағатын өзеннің бойында өтіп,8 шақырым жер тазартылып, 3 тоннаға жуық қоқыс шығарылды. Мұндағы тазалау жұмыстарына 1512 аудан тұрғыны қатысты.

Аталған акцияға Жетісай ауданынан 130-дан аса мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен аудан тұрғындарыатсалысты. Жалпы Жетісай қаласы 7 секторға және Жетісай қаласы мен Асықата кенті аралығы 10 секторға бөлініп, жауапты мекемелер бекітілді. Акцияға қатысқан 3500-ге жуық табиғат жанашырлары өздеріне тиісті секторлар бойынша тазалық жұмыстарын жасады.

Түлкібас ауданында өткен тазалық акциясына 3220 адам қатысып, 300 шақырымға жуық көшелер мен аяқ жол, 10 гектарға таяу саябақ, скверлер аумағын тазаланып,65 тоннаға жуық қоқыстарды арнайы орындарға жеткізді. Тазалық жұмыстарына 36 техника жұмылдырылып, істің ілгерілеуіне септігін тигізді.

Келес ауданында жалғасын тапқан сенбілікке жалпы 1379 адам қатысып, 117 шақырым көше бойлары, 35 шақырым аяқжол, 59 шақырым өзен-көл жағалауларын күл-қоқыстан арылтты. 3471 ағаш пен 21 аялдама ақталып, 9 дана балалар ойын алаңы ретке келтірілді. Аудан аймағында өткізілген ең ауқымды сенбілік жұмыстарын жеңілдетуге 8 техника жұмылдырылып, нәтижесінде 73 тонна қоқыс шығарылды.

Осылайша, Түркістан облысының барлық өңірлерінде табиғат тазалығын қалыптастыру жұмыстары қарқынды жүзеге асты.