Түркістан облысында тибеттік ем қабылдау орталығы ашылды

Жетісай ауданының орталығы – Жетісай қаласында тибеттік ем қабылдау емханасы ашылды, деп хабарлайды oninfo.kz аудан әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медициналық нысанның ашылу салтанатына Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Мақсат Жолдасбеков, Жетісай қаласы әкімінің міндетін уақытша атқарушы Қадыр Смаилов, Жетісай аудандық «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Әбдіманап Байдуллаев және бірқатар бастауыш партия ұйымдарының төрағалары  қатысты.

Аталған нысанның ашылуына жетісайлық жеке кәсіпкер «Тәж» ЖШС-нің бас директоры Медет Тайманов мұрындық болыпты. Нақтырақ айтсақ, Қытайда арнайы білім алып келген 4 маманды осында жұмыс істеуге шақырыпты.

«Соңғы жылдары әкем науқастанып, шығыстық емдеу шараларының тиімділігін байқадым. Әсіресе, оның ішінде тибеттік ем-дом шаралары көңілімнен шықты. Сөйтіп, дәл осындай орталықты Жетісайдан ашуды жөн санадым. Астанада жұмыс істеген 1 дәрігер, 1 ине салушы, 2 массажшы маманды барлық жағдайын жасап, туған жеріме алып келдім», — дейді Медет Тойлыбайұлы.

Бұл медициналық орталықта 8 түрлі ем-дом шаралары көрсетіледі. Атап айтсақ, тамыр ұстап диагноз қою, инемен емдеу, массаж, физотерапия, банка қою, отпен емдеу, табиғи таза шөптермен емдеу, хижама жасау. Сондай-ақ, асқазан, бауыр, жүрек, бүйрек қанбасымы,инфарк, инсульт, ерлер және әйелдер, бел омыртқа, тері аурулары, грижа секілді шипалар жасалады.
Ашылу салтанаты барысында бір апталық тегін ем-доу қабылдау лотереясы ойнатылды. Нәтижесінде 15 азамат жеңімпаз атанып, бір апталық акцияның шарапатына бөленуге мүмкіндік алды.

36 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *