Түркістан облысында татуласу орталығы ашылды

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында татуласу орталығы ашылды, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі.  ҚР Жоғарғы Сотымен жүзеге асырылып жатқан «Сот төрелігінің жеті түйіні» жобасының бірі – «Татуласу орталығы» жобасы болып табылады. Жобаның мақсаты – халық арасында дауды соттан тыс шешу, қоғамдағы қайшылықтарды, дауларды азайту институттарын насихаттау және дамыту алаңдарын құру. Осы мақсатта аудандық сот төрағасы Т.Машрапов пен Сарыағаш аудан әкімі Қ.Абдуалиев бірлесіп «Татуласу орталығын» ашты.

Салтанатты іс-шараны аудан әкімі ашып, өңіріміздегі дауларды азайту бағытында жасалып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, алдағы уақытта орталықтың жұмысына сәттілік тіледі. Ашылу рәсіміне сот төрағасы, аудан әкімі, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, әйелдер кеңесі мүшелері, психологтар мен адвокаттар, медиаторлар, БАҚ өкілдері қатысты.
Орталықта азаматтар келіссөздер,талап қою рәсімі, медиация, оның ішінде сот медиациясы, татуласу келісімдері, партисипативтік рәсім сияқты алуан түрлі дауды реттеудің балама рәсімдерін жүргізу тәртібі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі. Өтініш берушілер келіскен жағдайда медиаторлардың көмегі сол орталықта көрсетіледі.

 

30 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *