Түркістан облысында педагогтардың бос жұмыс орындары электронды түрде хабарланады

Түркістан облысында педагогтардың бос орындары туралы хабарламалар электронды түрде беріледі. Бұл туралы облыстық Білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықов мәлімдеді, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі inform.kz порталына сілтеме жасап.

Исатай Сағындықовтың сөзінше, бүгінде өңірде «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында бірқатар жұмыс атқарылған.

«Мектептерде jumys.sitcen.kz порталы арқылы бос жұмыс орындары жарияланып, қысқа мерзімде 1160 педагогтың бос орындары туралы хабарламалар берілген. Бүгінде 137 адам осы жүйе арқылы жұмысқа орналасқан. Алайда, Кентау қаласы мен Бәйдібек, Қазығұрт, Ордабасы, Отырар, Сайрам, Созақ, Түлкібас және Шардара аудандарының аталған жүйемен жұмыс жүргізу сапасы төмен»,- деді облыстық білім басқармасының басшысы.

Ол сондай-ақ, аймақта білім ұяларын кең жолақты интернетпен қамту, оқушылардың мектеп киім үлгісін сақтау және өзге де тапсымалар бойынша жұмыстар атқарылғанын жеткізді. Басқарма басшысы мектептердің қысқы маусымға дайындығы пысықталып, білім заңнамаларын сақтамау және мектеп формасын кигізу сияқты өзге де мәселелер назардан тыс қалмағанын атап өтті. Бұл ретте аудан, қала әкімдіктерін басқармамен бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

 

55 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *