Түркістан облысында ұмытыла бастаған дәстүр жаңғыртылды

Мақтаарал ауданы «Мақтаарал» мәдениет үйінде «Мизам – береке бастауы» атты фестиваль болып өтті, деп хабарлайды oninfo.kz ақпарат агенттігі аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Халқымыздың өмір салтында бар, алайда көп тойлана бермейтін, мал семіріп, егін орылып, шөп шабылып, елдің берекеге кенелетін кезінде атап өтілетін «Мизам» ұлттық мерекесін халық арасында кеңінен насихаттау, ұмытыла бастаған осы дәстүрдің көне дәстүрге сай нұсқасын БАҚ арқылы ел арасына тарату – іс-шараның басты мақсаты.

Жиынды аудан әкімінің орынбасары А.Ешанқұлова мен орталық кітапхана директорының орынбасары П.Есенбеков ізгі тілегімен ашып берсе, әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы директорының міндетін атқарушы Гүлшат Жаһанқызы іс-шараны қорытындылап, ризашылығын білдірді және бірнеше мәдениет қызметкерлерін алғыс хатпен марапаттады. Сондай-ақ, «Мақтаарал» мәдениет үйінің өнерпаздары ән мен жырдан шашу шашып, ұлттық дәстүріміз жайлы көрінісін көпшілікке ұсынды.

«Мизам» — күн мен түннің күз айында теңелу сәтіне орай тойланатын жалпыхалықтық мереке. «Мал баққандікі, отын шапқандікі» демекші, ол малға — мал, жанға — жан қосып, ала жаздай арқа еті арша, борбай еті борша болып еңбектенген бағбандар мен диқандардың құрметіне арналған той» — деді Алтын Күнтуқызы.

Фестивальде аудан тұрғындарының көне дәстүрге сай қысқа дайындық барысы, атап айтқанда қой күзеу, қарынға май сақтау, ет сүрлеу, диқандар мен бағбандардың жинаған күздік өнімдері тағы басқа көпшілік назарына ұсынылды.

 

61 рет оқылды
  • 5
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *