ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Түркістан облысы бойынша жалпы білім саласына арнайы короновирус пандемия болып жариялануына байланысты, барлық сақтық шаралары қолға алынуда. Мектеп оқушыларының 5 сәуірге дейінгі демалыстары аяқталған соң, қажет оқушыларды қашықтықтан оқыту үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Рахымбек Жолаев мәлімдеді.

Айта кетерлігі, оқушылар үшін оқу құралы ретінде видео-сабақтар, дербес онлайн-жұмыс, онлайн курстар бойынша қарқынды жұмыс жүргізілуде. 16 наурыздан бастап, колледждер мен ЖОО студенттері қашықтықтан оқыту технологиялары негізінде білім алуға көшуде (ZOOM, bilimland, google Classroom, Platonus, MOODLE).

«Мектепке дейінгі білім беру мекемелері штаттық негізде жұмыс жасауда. Балабақшаға баланы жіберу-жібермеу ата-ана еркіне қалдырылған. Алайда жекеменшік балабақшалар жабылуы мүмкін. Балалар үйіндегі жағдайға байланысты интернат әкімшіліктеріне де арнайы міндеттер жүктедік. «Балалар үйіне» кіру-шығу қатаң бақыланатын болады», – деді Рахымбек Қуатбекұлы.

Сонымен қатар, брифингте Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының мендетін атқарушы Салтанат Жамалова облыс бойынша коронавирустық инфекциямен ауырған науқастар тіркелген жағдайда оларды жатқызу үшін инфекциялық стационарларда 100 төсек орын дайындалғандығын жеткізді.

«Коронавирустық инфекцияға ұқсас дерті бар науқастарды жатқызу, диагноздарын анықтау мақсатында 240 төсек орынға провизорлық стационарлар қарастырылған. Барлығы – 340 орын. Одан бөлек барлық аудандар мен қалалардағы инфекциялық аурулар бөлімдері дайындық жағдайына келтірілген. Қарым қатынаста болғандарды оқшаулау үшін облыс аумағына 505 орынға обсервациялық госпитальдар жоспарланған», – деді Салтанат Әбдіқайымқызы.

Брифингте қатысқан Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Асия Темірбаева басқармаға бағынысты мекемелерде карантиндік режим жарияланғанын айтты.

«13 медициналық-әлеуметтік мекемелерде, оның ішіндемүгедектер мен мүгедек балаларға арнаулы әлеуметтік көмек көрсететін орталықтары және 1 оралмандарды бейімдеу орталығында 5068 қызмет алушылар тіркелген. Оларға қызметтерді жалпы 1 321қызметкер қызметтерді көрсетуде. Қамқорлыққа алынғандар арасында коронавирустық инфекциясының жаппай таралу жағдайын болдырмау үшін барлық медициналық-әлеуметтік мекемелерде карантинрежиміжарияланды», – деді Әсия Құралқызы.