Түркістан облысында мақта талшықтары шетелге экспортталуда

Ордабасы мақтасы шет елдерге экспортталуда. Ауданда жиналған Ақ алтын өнімдері Чехия, Белоруссия мен Молдова елдеріне жөнелтіліп жатыр. Қазір кәсіпкерлер өзге мемлекеттерден де тапсырыс қабылдауда. Өңір тілшілері ауданға жасаған іс- сапарында мақта терім науқанының барысымен танысып қайтты. Қазір мақта терім науқаны қызған шақ. Ордабасылық дихандар да күн-түн демей ақ алтынды төкпей-шашпай шығынсыз жинап алудың қамына кіріскен. Жергілікті шаруалардың еккен өнімдеріне шетелдіктер қызығушылық танытуда. Осыдан екі жыл бұрын ашылған бұл мақта өңдеу зауытынан шыққан мақта талшықтары шет елдерге жөнелтіледі.

Биыл Ордабасы ауданында мақта алқабы былтырғыға қарағанда ұлғайған. 7 мың гектардан аса алқапқа ақ алтын дәнін сепкен дихандар қазірдің өзінде 17 мың тонна өнім жинапты. Мақта терім науқанына 83 комбайн жұмылдырылған. Дегенмен мақта түсімі былтырғыдай емес. Өткен жылы әр гектардан орташа есеппен 26 центнерден өнім жинаған ордабасылық дихандар биыл әр гектардан 23 центнер мақта алып отыр. Бірақ мақта бағасы көңілден шығады, — дейді жергілікті шенеуніктер.

30 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *