Түркістан облысында еліміздегі ең алғашқы ақылды жаяу жүргінші жолы пайдалануға берілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бекіткен «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасы аясында Сарыағаш қаласын ақылды қалаға айналдыру мақсатында smart city — Saryagash жобасы әзірленген болатын. Осы жоба аясында бүгінгі таңда елімізде алғаш рет Сарыағаш қаласында ақылды жаяу жүргінші жолы (умный пешеход) салынып, жүргіншілерге пайдалануға берілді. Бұл жаяу жүргінші жолының ерекшелігі- жүргіншілерді жол бойынан түнгі мезгілде қауіпсіз өткізу. Атап айтқанда жол жиегіне келген жаяу жүргіншіні қауіпсіз жол бойынан өткізу үшін, арнайы сезгіш датчиктер іске қосылып жол жамылғысы жарықтанады.

Сарыағаш қаласы әкімі аппаратының бас маманы Дамир Хайруллаұлы:

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламаның басты мақсаты — цифрлық технологияларды пайдалану мен дамыту арқылы мемлекет экономикасының бәсекелестігін және халық өмірінің сапасын арттыру болып табылады. Сарыағаш қаласында пайдалануға берілген бұл ақылды жаяу жүргінші жолы тұрғындардың жол қауіпсіздігін сақтауда үлкен септік тигізері анық. Қазіргі таңда қаланың орталық көшесіне орналастырған бұл қондырғы тұрғындардың көңілінен шығып жатыр. Алдағы уақытта халық көп жүретін маңызды жаяу жүргінші жолдарға орналастыратын болады.

343 рет оқылды