Түркістан облысында био қызанақ өсірілетін жылыжай ашылады

Поляк инвесторлары Түркістан облысында кәсіпкерліктің дамуына қомақты қаржы бөледі. Әсіресе Польша іскерлері ауылшаруашылық саласына шамамен 15 млн еуро салмақ ниетте. Бұл туралы 24.kz порталы жазды. Жақын арада өңірде био қызанақ өсірілетін көлемі 11 гектар болатын жылыжай кешені ашылады деп жоспарлануда. Бұл шара Елбасы Жолдауындағы отандық өнімді халықаралық нарыққа шығару жоспарына сәйкес келеді. Осы тұрғыда поляк серіктері бірігіп қызмет етуге, әрі агроөнеркәсіп саласында тәжірибесімен алмасуға әзір екенін айтады.

«Қазір негізінен Голландияда өсірілген қызанақтар көптеп сатылады. Енді нарыққа қазақстандық өнім шығарылатын болады. Ел үкіметі ұсынған салық саласындағы жеңілдектер бізге тиімді. Көптеген шетелдік инвестор қызығушылық танытып отыр. Қазақстанның маңында шамамен жарты миллиард адам тұрады. Олар да біздің өнімге қызығушылық танытып отыр. Ресейге жібере аламыз. Үлкен нарық зор мүмкіндік береді», — дейді Орталық Еуропа мен Польшадағы «Kazakh Invest» ҰҚ өкілі Аркадиуш Якубчак.

 

29 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *