Түркістан облысында Айберік, Байсерік және Гүлсім есімді үшем дүниеге келді

Облыстық №1 перинаталды орталықта өмірге келген үшемдер бүгін перзентханадан шықты. Сарыағаш ауданының тұрғыны 32 жастағы Ұлжалғас Бақтыбаева 8 баланың анасы атанды. Айберік, Байсерік және Гүлсімді үйлерінде бес бауыры күтіп отыр. Сәбилер уақытынан бұрын туғандықтан, әрқайсысының салмағы 2,5 келі ғана болған. Қазір анасының да, сәбилерінің де денсаулығы бірқалыпты, – дейді дәрігерлер.

Көп балалы ана балабақшада тәрбиешінің көмекшісі болып жұмыс істейді. Мерзімінен ерте дүниеге келген нәрестелерді дәрігерлер бір апта бойы жан — жақты бақылаған. Үшемдердің ата-анасының орталық дәрігерлеріне деген алғысы шексіз.

541 рет оқылды
  • 40
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *