Түркістан: Құмкент ауылында жаңа спорт кешені бой көтерді

Бүгін Түркістан облысы Созақ ауданы Құмкент ауылында заманауи спорт кешені ашылды.

Ашылу салтанатында аудан әкімі С. Полатов құттықтау сөз сөйлеп, барша ауыл тұрғындарын мерекемен және жаңа спорт кешенінің ашылу салтанатымен құттықтады. Спорт кешенінің ашылу салтанатында әлем чемпионы Біржан Жақып арнайы қатысып, жылы лебізін білдірді. Бірнеше жылдан бері «сақалды құрылысқа» айналған спорт ғимаратының құрылысына жергілікті бюджеттен 153 млн теңге қаржы бөлінді.

Құрылыс жұмыстары 2017 жылдың желтоқсан айында басталған болатын. «Ноутилус» ЖШС жүргізіп, қазан айында аяқталды. Заманауи үлгідегі спорт ғимаратында күрес, бокс, футбол және волейбол түрлерінің секциялар жұмыс істейді. 19 жергілікті азамат жұмыспен қамтылды.

Еске салсақ, Түркістан облысы, Созақ ауданының 90 жылдық мерейтойы атап өтіліп жатыр. Осыған орай кеше Құмкент ауылдық округі Қызылкөл елді мекенінде кіші футбол алаңы ашылып, ел игілігіне пайдалануға берілді.

21 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *