ТҮРКІСТАН: ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДА АТҚАРЫЛҒАН ІЛКІМДІ ІСТЕР КӨП

Бүгін Жетісай ауданы әкімдігінің брифинг залында Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов жергілікті БАҚ өкілдері алдында атқарған жұмыстарның
8 айлық есебін берді.
Атап айтатын болсақ, 2019 жылдың 1 қыркүйек жағдайы бойынша 7288 отбасы немесе 42840 адам шартты атаулы әлеуметтік көмек алуда.
510 отбасыға немесе 2060 адамға шартсыз атаулы әлеуметтік көмек тағайындалып төленуде. Жалпы 7795 отбасыға оны құрайтын 44868 адамға АӘК тағайындалып төленуде.
Сонымен қатар, 2019 жылғы 8 айда “Ардагерлер үйінде”- 107, “Мейір” ардагерлер үйінде – 130, «Төлеген» санаториясында – 150, «Әмзе» санаториясында – 198, «Күлпаршын» санаториясында – 72 және «Керуен» санаториясында — 68 жекелеген санаттағы азаматтар демалып, денсаулықтарын түзеп қайтты.
«Асыл бұлақ» санаториясында – 64, «Мельдеева А.А.» санаториясында — 14, «Мельдеева А.К.» санаториясында – 124, «Береке-7» №1 санаториясына – 11, «Күлпаршын» оңалту-сауықтыру кешеніне – 36, «Әмзе» санаториясына – 17 және «Таң-Нұры» санаториясына — 60 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға демалып, денсаулықтарын түзеп қайту үшін жолдама берілді.
2019 жылғы 8 айда ВИЧ-инфекциясына шалдыққан 6 баланың ата-анасына облыстық бюджеттен 2654,2 мың теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді. Әр баланың ата-анасына ай сайын 55,3 мың теңге төленуде.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарына үйде тәрбиелеп оқытуға жұмсайтын шығындарды өтеу үшін жергілікті бюджеттен 220 мүмкіндігі шектеулі кемтар балалардың ата-аналарына ай сайын бір балаға 1 АЕК мөлшерінде жәрдемақы төленді. Бұл мақсатқа 2019 жылғы 8 айда 2777,5 мың теңге қаржы жұмсалды.
Аудан бойынша 59 мұқтаж мүмкіндігі шектеулі азаматтар мүгедектік кресло – арбалармен қамтамасыз етілді.
Шымкент қаласында орналасқан мүгедектерді оңалту орталығында 50 мүмкіндігі шектеулі азаматтар жолдама арқылы дене шынықтыру емін алып қайтты.
Бекітілген жоспарға сәйкес Шымкент қаласында орналасқан протез-ортопедиялық орталығына мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жолдама беру үшін 165 мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жолдама берілді. 18 мүмкіншілігі шектеулі азаматтарға жеке оңалту бағдарламасы негізінде «ИСТОК» ЖШС медициналық және әлеуметтік технологиялық орталығы»-на есту протездерін алу үшін жолдама берілді.