ТҮРКІСТАН: КЕЛЕС АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛЕР САНЫ АРТУДА

Келес ауданы бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» бірінші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді кәсіби оқу ауданымызда алғаш болып «Даму» жеке тұлғаны дамыту орталығы» ЖШС 15 азаматты «кондитер» мамандығы және 15 азаматты «визажист» мамандығы бойынша 3 ай оқу курстарын аяқтап, өз мамандықтарының кәсіби иесі ретінде куәліктері салтанатты түрде тапсырылды. Бағдарламаның бұл бағыты халықтың кәсіби шеберліктерін шыңдауға керемет мүмкіндік жасайды, және өз кәсіптерін ашуға жол бастайды. Сонымен бірге, өз кәсіптерін ашу немесе жалғастыру үшін «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламаы аясында жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан нысаналы топқа жататын азаматтарға, яғни 29 жасқа дейінгі жастар, көпбалалы және табысы аз отбасы мүшелері, мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен оралмандарға 200 АЕК мөлшерінде, яғни 505 000 теңге мемлекеттік грант алуға үміткер бола алады. Келес ауданы бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының» бірінші бағыты шеңберінде қысқа мерзімді кәсіби оқуға 2019 жылы 14 мамандық бойынша 340 азаматты жіберу жоспарланған болатын. Аталған жоспар маусым айынан бастап орындалып, «Визажист», «кондитер» мамандықтары бойынша «ДАМУ» ЖШС жеке тұлғаны дамыту орталығына 30 азамат жолданды. Ағымдағы жылдың шілде айында 172 азамат қысқа мерзімді кәсіби оқуға жолданды. Атап айтқанда, Түркістан жоғарғы аграрлық колледжіне 20 «Жануарлар мен құстарды жасанды ұрықтандыру операторы» және 25 «Аспаз», №11 колледжге 15 «Ағаш ұстасы» және 32 «Тігінші», «Асу-KZ» ЖШС оқу орталығына 30 «Шаштараз» және 30 «Жеміс көкөніс өсіруші», ЖШС «Deluxe Group&GO» оқу орталығына 20 «Аспаз» мамандықтары бойынша азаматтар жолданды. Қалған 138 азаматты жылдың соңына дейін өздері таңдаған мамандықтары бойынша оқыту көзделуде.