Түркістан: Күн электр стансасының құрылысы басталды

Түркістан облысының Арыс қаласында «Задарья-1» күн электр стансасының құрылысы басталды. Жобаның қуаты — 14 МВт.

7 миллиард теңгеден астам сомаға қаржыландырылатын жоба шетелдік инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын болады. Ағымдағы жылдың қазан айында электр станциясы үшін бөлінген 30 гектар жер телімінде «KazGreenTekSolar» ЖШС құрылыс-монтаждау жұмыстарын бастады. Аталмыш компанияның жалғыз құрылтайшысы француздық Urbasolar SAS компаниясы болып табылады, және де ол – құрылыс жұмыстарының бас мердігері.

2019 жылдың 4-ші тоқсанында жоспар бойынша станса іске қосылып, электр энергиясын жеткізу басталады. Бұл жоғары қосылған құны бар тұтынушылық өнім болып табылатын таза энергияны өндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жоба жоспарға сәйкес 2020 жылға қарай 3 пайызға жетуі тиіс елдің жалпы генерациясына ЖЭК қатысу үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жобаны жүзеге асыру нәтижесінде 50 жаңа жұмыс орны пайда болады.

Анықтама үшін: Urbasolar SAS 2006 жылдан бері КЭС-ні дамытуға, салуға және іске асыруға қатысады және Қазақстанда 2012 жылдан бастап жұмыс істейді. Бүгінгі күні компания Франция нарығында көшбасшы болып табылады.

94 рет оқылды
  • 29
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *