ТҮРКІСТАН: ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ КӘСІПОДАҚТАР ТАРАПЫНАН ҚОЛДАУ ТАПТЫ

Шымкентте Түркістан облысы мен Шымкент қаласының кәсіподақ ұйымдарының мүшелері мен өкілдері қатысқан жиын өтті. Жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауындағы басым бағыттар сөз болды.

Түркістан облысы  кәсіподақтарының төрағасы Берік Бекжанов «Жолдауда әлемнің дамыған 30 мемлекетінің қатарына ену жолындағы міндеттер жүктелген. Еңбек адамының мүддесі қорғалып, жұмысшылардың тұрмыс деңгейін жақсарту негізге алынған. Ең төменгі жалақы көлемінің ұлғаюы, бюджеттік мекеме қызметкерлерінің жалақысының өсуі жұртшылықты қуантып жатыр. Кәсіподақтар да Президентіміздің бастамалары мен идеяларын қолдайды және Жолдаудағы міндеттерді орындауға үлес қосады» деді.

Сонымен қатар, жиында төраға орынбасары Серік Әуесханов баяндама жасаса, кәсіподақ саласының ардагері, “Халықтар достығы” және “Құрмет” ордендерінің иегері Досыбай Шерімқұлов және өзге де азаматтар жарысөзге шығып, ойлары мен ұсыныстарын жеткізді.

Алдағы уақытта Жолдаудағы басым бағыттар әрбір бастауыш кәсіподақ ұйымдарында, кәсіпорындар мен еңбек ұжымдарында насихатталып қана қоймай, оны жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар да қолға алынбақ.

23 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *