ТҮРКІСТАН: БАУЫРЖАН БАЙБЕК «OPEN SPACE» ФОРМАТЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ КЕҢСЕСІМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістанда «Nur Otan» партиясының Қоғамдық қабылдау кеңсесі OPEN SPACE форматына көшірілді. Бұл Жоба Елбасының партияны қайта жаңғырту бағдарламасына сай іске асып отыр.

Кеше партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қасиетті қалаға арнайы келіп, облыс әкімі, филиал төрағасы Өмірзақ Шөкеевпен бірге аралап, танысты.

Бұл орын xалық нөпірі мол орталықтағы ыңғайлы ғимарат саналады. Енді облыс тұрғындары кеңсемізге тоқтап, электронды түрде арыз-шағымын тіркетіп, тиісті жауабын ала алады. Мұндай форматтағы қабылдау Алматыдан кейін Түркістанда ашылып отыр.

Бұдан былай Қоғамдық қабылдау кеңсесінде облыс әкімі және орынбасарлары, басқарма басшылары бекітілген кестеге сай тұрақты түрде тұрғындарға қабылдау жүргізеді. Лауазымды басшылардың кеңсемізге келетін уақытын елге алдын-ала xабарлаймыз. Қабылдауда әрбір азаматтың өтініші мұқият қаралып, жауапты мекемелермен бірге шешімін табу қарастырылады.

Бауыржан Қыдырғалиұлы аудан-қалалық филиал төрағаларының бірінші орынбасарларымен кездесіп, саяси ұйымның жаңа бағыт-бағдары туралы жан-жақты әңгімеледі. Елбасының тапсырмасын қысқа мерзімде жүзеге асыруға кірісіп, нақты нәтижелер көрсеткен Өмірзақ Естайұлына алғысын білдірді.
Ал OPEN SPACE форматындағы мұндай Қоғамдық қабылдау кеңселері xалық пен партия байланысын жаңа деңгейге көтертіндігін жеткізді. «Nur Otan» билік пен елдің ортасында ашық диалогтар құратын осындай алаңды қалыптастыру арқылы қоғамдағы проблемалардың оңды шешілуіне тікелей араласып, мемлекеттің дамуына елеулі үлес қосады.

Айта кетейік, биылғы 8 айдың өзінде филиалға 5933 арыз-шағым түсіп, оның жартысы оңтайлы шешілген. Қалғандарына құқықтық көмек көрсетілген.

Бауыржан Байбек сапарында «Түркістан локомотив пайдалану депосындағы» Бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесіп, әңгімелесті. Жүздесуде қайта жаңғыруда әсіресе қалың елдің ортасындағы бастауыш ұйымдарға айрықша мән берілетіндігі айтылды. Бұл жұмыстар енді жаңаша бағыттарда жанданатын болады.