Түркістан: «Баламекен» жобасы бойынша арыстық 100 отбасы баспаналы болмақ

Биылғы жылдың шілде айында елімізге белгілі миллиардер Болат Өтемұратовтың Қоры Арыстағы 100 отбасы үшін тұрғын үй құрылысына 760 млн. теңге бөлген болатын. Іле-шала Арыс қаласынан шыға берістен арнайы жер телімдері бөлініп, құрылыс жұмыстары басталып кеткен-тін. Бүгінде мұнда салынатын 50 үйдің 10-ы толығымен біткен. Қалған баспаналардың құрылысы құрылысы қазан айында аяқталады деп күтілуде. Қордың қаражатына салынып жатқан бір үй екі отбасына арналған. заманауи тілмен айтсақ, «дуплекс» типті. Құрылыс Қордың тікелей тапсырысы бойынша және арнайы бақылауына алынған. Тағы бір ерекшелігі ретінде үйлердің әрлемесі бірдей кейіпте жүргізілуде. Сондай-ақ, үйдің ішінде қажетті тұрмыстық техникасы, асүй жиһазы, жарақталған санитариялық тораптарыда бірге берілмек.

Бір үйдің жалпы телім аумағы 10 соттықты құрайды.Яғни, мұнда қоныстанған әр отбасының жеке бақша салуына мүмкіндігі бар.
Бұл мөлтек ауданда тұрғын үйлермен қатар бүкіл қажетті инфрақұрылымның құрылысы қатар жүргізілуде екен.