Түркістан: Агроөнеркәсіптік кешен дами түспек

Облыстағы агроөнеркәсіптік кешен саласына тоқталар болсақ, «Ecoinvest» ЖШС жобасының I кезеңі, яғни, 21 гектар жылыжай кешенінің құрылысы аяқталу сатысында. 2017 жылдан бастап Cottonex (Польша) компаниялар тобы Түркістан облысының Сайрам ауданында жоғары технологиялық жылыжай кешенін салудың ауқымды жобасын іске асыруға кіріскен. Инвестицияның жалпы көлемі 11,3 млрд.теңгені құрайды және 200-ден астам жұмыс орны ашылады.

Сонымен қатар, «Эко Культура» АӨХ жобасы аясында 500 га жылыжай кешендерінің құрылысы басталды. Ресей компаниясы аталмыш жобаны Түркістан облысы, Келес ауданында жүзеге асыруда. Жобаны жүзеге асыру 2020-2025 жылдарға жоспарланған. Орталық Азияда теңдесі жоқ жобаға салынған инвестиция көлемі шамамен 600 млрд. теңгені құрайды. Қазіргі уақытта компания жобаның бірінші кезеңін іске асыру бойынша 50 га жобалау жұмыстарын жүргізуде.

Сондай-ақ, «Тан Сари Трейдинг А» ЖШС «бақша дақылдары мен жемістерді (қауын мен қарбыз) сақтау және өнеркәсіптік өңдеу бойынша агроөнеркәсіптік кешен» құрылысы бойынша жобаны іске асыруда. Жоба 2020 — 2021 жылдар аралығында жүзеге асырылмақ. Инвестиция сомасы-1,7 млрд.теңге. Компания өнімдері ТМД және ЕО елдеріне экспортталады.

Сондай-ақ, энергия көздері саласында «ЮКСЭС» ЖШС (Risen Energy, Қытай) шетелдік инвестордың қатысуымен жаңа жоба жүзеге асырылды. Инвестиция сомасы 19 млрд. теңгені құрайды. «Risen Energy» компаниясы «ЮКСЭС» ЖШС-мен бірлесіп Созақ ауданында 125 га аумақта қуаты 50 МВт күн электр станциясын салу жобасын іске асырды.

Бұдан басқа, шетелдік компаниялардың қатысуымен басқа да жобалар жүзеге асырылуда. Олардың ішінде «ARM Wind» ЖШС (Италия) – Отырар ауданы, Шәуілдір ауылында қуаты 50 мВт күн электр станциясының құрылысын жүргізуде. Инвестиция сомасы-12,5 млрд. теңге. Естеріңізге сала кетейік,» ARM WIND » — Қазақстан Республикасындағы ірі шетелдік инвестор болып табылатын ENI (Италия) Халықаралық энергетикалық компаниясының еншілес ұйымы.

Сонымен қатар, «KZT Solar» ЖШС және «HEVEL KAZAKHSTAN»ЖШС компаниялары Кентау қаласында қуаты 110 мВт күн электр станциясының құрылысын бастады. Инвестиция сомасы 32,2 млрд. теңгені құрайды. Жобаны іске асыру 2020-2021 жылдарға белгіленген.

Ал, «YDA Insaat» түрік компаниясы Түркістан қаласында халықаралық әуежай салуды жүзеге асыруда. Инвестиция сомасы — 78,8 млрд.теңге. 1500 жұмыс орныт ашылады. Жобаны іске қосу 2020 жылдың соңына жоспарланған.

«Turkistan Silkway Harbor «ЖШС Түркістан қаласындағы АЭА-ИКО аумағында» Керуен Сарай » көпфункционалды туристік кешенінің құрылысын жүргізуде. Көпфункционалды туристік кешенге жабық базар, Шығыс базары, фудкорттар, ойын-сауық аймағы, рекреациялық аймақтар және этникалық стильдегі қонақ үйлер кіреді. Инвестиция сомасы 83 млрд. теңгені құрайды.