«ТҰРАН» ШАҒЫНАУДАНЫНДАҒЫ МЕКТЕП ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Шымкент қаласының «Тұран» шағынауданында 1200 орынға арналған мектеп құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бас мердігер «АРТ-құрылыс» ЖШС құрылыс жұмыстарын 2019 жылы бастаған болатын.
Қала әкімі М. Әйтенов мемлекет есебінен салынып жатқан білім нысанының құрылыс барысын пысықтады. Бүгінге дейін жалпы игерілген қаржы көлемі – 921 000,0 мың теңге.
Мердігер мекеме әлеуметтік нысанды биыл шілде айында тұрғындар игілігіне беруді жоспарлап отыр.
Фото: Береке СЕЙІТЖАППАР
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі