ТҮЛКІБАСТА БИЫЛ АЛМА БАУ 165 ГЕКТАРҒА ҰЛҒАЯДЫ

Таулы аймақта орналасқан Түлкібас ауданында биылғы жылы алма бау қосымша жаңа 165 гектар жерге егіледі. Оның 120 гектары қарқынды бау болмақ. Осылайша, ауданда жалпы бау көлемі 2 мың гектарға жеткізіліп, оның ішінде қарқынды бау 400 гектар шамасында болады деп жоспарлануда.

Бүгінде жергілікті биліктің басты мақсаты – Түлкібас ауданында алма бау шаруашылығын дамыту. Осы мақсатта облыс әкімдігі мен ауыл шаруашылық басқармасы және аудан әкімдігі тарапынан үш жақты келісім түзіліп тиісті жұмыстар жүргізілуде.  Жасалған үш жақты келісім бойынша 2025 жылға дейін алма бау көлемін 3210 га жеткізу көзделсе, қарқынды бау көлемін 1170 га жеткізу жоспарлануда. Нәтижесінде осы жылдар ішінде жеміс — жидектерден жиналатын өнім көлемі 80-90 мың тоннаға жеткізілмек. Бұл межеге жетуге ауданның толық мүмкіндіктері бар.

Жалпы ауданда бау шаруашылығымен айналысатын 5 серіктестік пен 22 шаруа қожалық болса, олардың ішінде «Көктал» шаруа қожалығы мен «Кентау» ЖШС-і биыл Ресей еліне экологиялық таза 600 тонна Түлкібас алмасын экспорттауды жоспарлап отыр.

Аталған шаруашылықтар бақ өсіруде алдыңғы қатарлы елдердің, оның ішінде Түркия, Польша мемлекеттерінің соңғы үлгідегі озық тәжірибелерін пайдаланып келеді. Бұл бауларда негізінен тамшылатып суғару технологиясы қолданылады. Барлық қажетті бау-бақша техникасы болған жағдайда, шаруашылық қызметкерлерінің еңбегі айтарлықтай жеңілдетіледі және агротехникалық шараларды жүргізуге ыңғайлы болады.

159 рет оқылды
  • 29
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.