Төлем терминалы жоқ нысандарға әкімшілік шара қолданылады

Құрметті шымкенттік кәсіпкерлер мен сауда нысандарының иелері! ​

 Кәсіпкерлер мен ірі және шағын сауда нүктелерінің иелерінен тұрғындардан қолма-қол ақшасыз төлем жасаудың мүмкіндігін қарастыруды сұраймыз. Бұл өз кезегінде короновирусты таратпаудың алдын алу үшін қажет. ​

Төлем картасын қабылдайтын құрылғы орнатпаған нысандарға әкімшілік шара қолданылып, тіпті қызметін тоқтататынын хабарлаймыз.