Төлеби ауданында Жолдауды жүзеге асыру мақсатында мәжіліс өтті

Бүгін Төлеби ауданының мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауы бойынша мәжіліс өтті.

Президент Жолдауынан кейінгі міндеттер жөнінде бірінші болып Облыстық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Тәжібаев Бейсенбай Дәулетұлы баяндады.

Содан соң, Қазақстан Халық Ассамблеясының секретариатының меңгерушісі, топ жетекшісінің орынбасары Рысбеков Ғани Құрмашұлы, ОҚМПУ Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасының доценті Тұрашбеков Әбдіжапбар Құрбанұлы жалғастырды.

Актив жиынына Облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Төлегенов Ғалымжан Қолдасбекұлы, Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасының бөлім басшысы Төлепов Дәулет Әбдіұлы, Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мырзабаев Мақсат Сайлаубайұлы, Облыстық мәслихаттық депутаты Төлтебаев Мұрат Шерімұлы, Төлеби ауданының дербес бөлім басшылары мен аудан тұрғындары қатысты.

Облыстық «Nur Otan» партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Дәулетұлы «Жолдауда аталып көрсетілген тақырыптарды жүзеге асыру басты міндет болып табылады. Айтылған тапсырмаларды орындау мақсатында тиісті басқармалар, тиісті ведомствалық органдар жүзеге асыруда жоспарлар жасалынып жатыр. Қ.Тоқаев атап көрсеткендей халықпен ашық диалог құрып, сіздердің талап-тілектеріңіздің аяқсыз қалмауына бірнеше жобалар іске асып жатыр»-деп, басталып жатқан бастамаларда белсенді қатысуға, ашық әңгімелесуге, насихаттық жұмыстарға Төлеби тұрғындары белсенді қатысуға шақырды.

Осы сынды насихаттау және түсіндіру бойынша облыстық ақпараттық-насихаттық топтары Бірінші Мамыр, Көксәйек ауылдық округінде де жиын өткізді.