Төлеби ауданында саябақтар саны артуда

Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Киелітас ауылдық округінде тындырымды істер күн санап артып келеді. Солардың бірі Ақайдар ауылы тұрғындарының демалыстары үшін бой көтеріп жатқан саябақ. Бүгінде жарық бағаналары мен орындықтары толық қойылып біткен демалыс орнында тек абаттандыру жұмыстарын аяқтау ғана қалып отыр. Бұл шаруалар ауылдық округтің 4-ші деңгейлі бюджеті аясында іске асуда.

Аудан үшін туризмді дамытуға және оған жағдай жасауға мүмкіншіліктеріміз бар. Оған біздің табиғи және климаттық жағдайымыз толық мүмкіншілік береді.

Бүгінге аудан көлемінде тау бөктерінде орналасқан Тау самалы, Эдельвейс, Бәйшешек, Робинзон лагерлері жұмыс атқаруда. Одан басқа «Тау Самалы» ,»Эко виладж каскасу», «Айнабұлақ» , «Альтекс» демалыс аймақтары, «Біркөлік» сауықтыру кешені, «Тау шаңғы базасы» туристік объектілері қызмет көрсетуде.

Қазіргі таңда «Алатау» шаңғы базасына қомақты инвестиция тарту мақсатында бұл нысан ауданының баланысына алынып, «Алатау» ЖШС шаңғы базасы болып жұмыс атқаруда, бұл демалыс аймағы жанындағы кезінде мақсатсыз беріліп кеткен жерлерді қайтарылып, ол жерлерге заман талабына сай демалыс орнына қызмет ететін нысандар салуды қолға аламыз.

Сонымен қатар аудандағы ең көрікті жерлердің бірегейі Балдыберек өзенінің бойында орналасқан облыс орталығынан 70 шақырым. жол, Балдыберек және Төңкеріс ауылдарының көркем табиғаты мен климаттық жағдайы жазғы және қысқы туризмді дамытуға өте қолайлы.