Түймебаев жастарға қай мамандықты таңдау керектігін айтты (видео)

Бұл туралы «BILIM ÁLEMI» / EDUCATION WORLD-2018» бірінші халықаралық көрмесінде Жансейіт Қансейітұлы арнайы бір топ жастарға барып, олардан қандай мамандық таңдағандарын сұрады. Одан кейін әкім өз ойын айтты.

 

Көрме орталығында өткен жиынға 30-дан астам халықаралық және қазақстандық жоғары оқу орындары мен агенттіктер түлектерге мамандық пен оқу орнын таңдауда, екінші білім алу мүмкіндіктері мен кәсіби деңгейді көтеру туралы консультациялар береді. Іс-шара ҚР Білім және ғылым министрлігі және облыс әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Білім көрмесін аралап көрген облыс әкімі Ж.Түймебаев жастарға мүмкіндікті жіберіп алмау керектігін жеткізді.

Шара барысында Американың, Канаданың, Кипрдің, Латвияның, Малайзияның, Ресейдің, Қытайдың, Францияның, Чехияның, Тайландтың, Казақстанның жоғары оқу орындары білім гранттары мен стипендияларын ұсынса, аймақ басшысы жоғарыда аталған білім ұйымдарын Алғыс хатпен марапаттады.

Айта кетейік, «BILIM ÁLEMI» / EDUCATION WORLD-2018» халықаралық көрмесі Шымкент қаласындағы «Көрме орталығында» 20 сәуірге дейін жалғасады. Көрме аясында семинарлар мен таныстыруларды қамтитын арнайы іскерлік бағдарламалар қарастырылған.

789 рет оқылды
  • 29
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *