ТҮЙМЕБАЕВ «ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ» ЗАҢЫН МҮЛТІКСІЗ ОРЫНДАЛУЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІ ТАПСЫРДЫ

Түркістан қаласындағы облыс әкімдігінің мәжіліс залында өңірдегі терроризмге қарсы күрес, құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарының тиімділігі, сондай-ақ оны жетілдіру жолдары мен проблемалық мәселелері қаралды.

Комиссия қорытындысында облыс әкімі Ж.Түймебаев мемлекеттік мекемелердің бірінші басшыларына Қазақстан Республикасының «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңын мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ, ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның орындалуы бойынша тиісті шаралар қабылдауды міндеттеп, террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесі аясында қауіпсіздік шараларына қатысты тиісті тексерулер жүргізуді жүктеді.

Сонымен бірге, жиында облыс аумағындағы ауыр және аса ауыр қылмыстар мен заңсыз көші-қонның алдын алуға бағытталған шаралар баяндалды. Өңір басшысы құқық бұзушылық профилактикасы жұмыстарының тиімділігін одан әрі жетілдіру бойынша да бірқатар тапсырмалар берді.

Мәжіліс соңында құзырлы орган басшылары сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстарын баяндап, алдағы мерзімге арналған арнайы шаралар жоспарын қабылдайтынын мәлімдеді.

28 рет оқылды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *