«Сырлы Созақ» республикалық ақындар айтысы өтті

Қасиетті Түркістан облысының орталығы Түркістан қаласының солтүстігіндегі әкімшілік-аймағында орын тепкен Созақ ауданына 90 жыл толып отыр. Мерейлі мерекеге орай Созақта бірнеше ісшара болып өтті. Соның бірі жұрттың делебесін қоздырған ақындар айтысы болды. Теріскейдің 90 жылдық тойына орай Елімізге танымал ақындардың қатысуымен республикалық «Сырлы Созақ» тақырыбында ақындардың айтысы өтті.

Үздік өнер көрсеткен  Астана қаласынан келген Аруна Керімбекқызы, қызылордалық Мөлдір Айтбай, бәйдібектік Қажымұқан Абзалов, Өзбекстан Республикасынан келген Құлмахан Дүйсенов 100000  теңге ақшалай сыйлықпен марапатталды.

Жүлделі үшінші орын алған Шымкент қаласынан келген Нұрлан Есенқұловқа 200000  теңге, 2 орын алған павлодарлық Аспанбек Шұғатаев 300000 теңге, 1 орын алған созақтық Қалижан Білдәш 500000 теңге иеленсе. Түрікстан облысынан келген Жарқынбек Наушабеков бас жүлдені аудан әкімі Салыхан Полатов 1 000 000 теңге табыс етті.

Айта кетейік, Созақ 1928 жылы қаңтар айыңда осы өңірді мекендеген 6 болыс ел мен Жылыбұлақ болысы негізінде құрылды. Ол кезде 12 мың тұрғын болса, қазіргі таңда 61 183 халық,  15 ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүріп жатыр. Аудан аумағындағы 35 елді мекен 2 кенттік (Қыземшек, Таукент), 10 ауылдық округке біріктірілген. Аудан орталығы Шолаққорған ауылы.

125 рет оқылды
  • 14
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *