Созақ жастары «Газель» автокөлігін иеленді

Созақ ауданы жастары орталығы, Түркістан облысы әкімінің- «Үздік жастар ортағыны» номинациясының жеңімпазы атанып, «Газель» автокөлігін иеленді.

Түркістан облысында түрлі салада өзінің білімімен, талантымен, белсенділігімен топ жарған жастарды анықтау және марапаттау мақсатында дәстүрлі түрде жастар премиясы байқауы ұйымдастырылды. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырып,  елдің саяси және қоғамдық өміріне белсене араласып, зор үлес қосқан жас азаматтарды марапаттады.

Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына орай ұйымдастырылған байқауда, 27 номинация бойынша жеңімпаздар анықталды.  Байқау түрлі сала бойынша аудан, қалалардан ұсынылып, комиссия шешімімен іріктеліп, ғаламтор арқылы дауыс беру қорытындысымен анықталды.

Аталған байқаудың жеңімпаздар облыс әкімі Ж.Түймебаевтың арнайы алғыс хатымен және 100 000 теңге қаржылай сыйлықпен марапатталды. Түркістан облысы бойынша жылдың үздік «Жастар ресурстық орталығы» номациясының жеңімпазы – Созақ ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесін иеленіп, газель автокөлігін иеленді. Созақ ауданы «Жастар ресурстық орталығының» директоры Жеңіс Бақытжанұлы, «Бұл барлық Созақ ауданы жастарының жеңісі. Біздің жыл бойы атқарылған жұмыстарымыздың нәтижесі. Белсенді қолдау білдірген, аудан әкімдігіне, аудан жастарына және барша тілеулестерге алғысымды айтамын»,- дейді.

Бізде тынымсыз еңбек етіп, жақсы істің басында жүретін аудандық «Жастар ресурстық орталығының» ұжымын және басшысы Жеңіс Төлеппергенұлын жеңісімен құттықтап, жұмыстарына табыс тілейміз. Біз сіздермен мақтанымыз!

 

Е. Райымқұлов.

 

 

126 рет оқылды
  • 78
    Поделились

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *