Шымкенттіктер жаппай «Денсаулық фестиваліне» қатысты

Шымкентте «Денсаулық сандарына жет!» атты ұранымен «Денсаулық фестивалі – 2018» кең ауқымды акциясы өтті. Салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған іс шара қаланың төрт аумағында ұйымдастырылды.

Бұл іс — шара Қошқар ата бұлағының басында «Денің сау болсын десең, суға түс!» суға шомылу акциясы аясында өткізілді. Қошқар ата өзенінің денсаулыққа тигізер пайдасы мол. Әсіресе буыны ауырып, сүйек, ас қорыту мүшесі мазалағандарға бұлақтың суы таптырмас ем. Іс шара барысында қала қонақтары мен тұрғындарына тегін қызмет көрсететін медициналық қалашық ұйымдастырылып, кәсіби- дәрігер мамандар кеңес берді. Жас спортшылар арасында Street workout ойындары көрсетіліп, концерттік бағдарламамен жалғасты.

«Қошқар-ата» бұлағының басында қалалық суға шомылудан «Денің сау болсын десең, суға түс!» ұранымен салауатты өмір салтын ұстанатын «морждар» арасында өтетін сайыстар, жас спортшылар арасында да ұйымдастырылып жеңімпаздар сыйлықтармен марапатталды.

Ал, Дендрологиялық саябақта қала әкімдігі, басқарма, департамент қызметкерлері, медицина ұйымдары, спортшылар, жастар, жалпы қала тұрғындарының қатысуымен веломарафон өтсе, «Абай» саябағында қала жастары мен студенттердің қатысуымен жаяу жүру марафоны, флешмоб, балалар мен жасөспірімдердің қолымен дайындалған «Қолөнер» көрме-жәрмеңкесі өтті.

«XIII легион» тобының қойылымдары, фармкомпаниялар өз өнімдерін тұрғындарға ұсынса, «Орталық» саябақта қариялар арасында, жалпы тұрғындар арасында шахмат, шашкадан, спорттың басқа да түрлерінен сайыстар ұйымдастырылып, сыйлықтар үлестірілді. «Мен дене шынықтыру үшін» ұранымен іс-шараға қатысушылар арасында жалпы халықтық жаттығулар өтті.

«Абай» саябағына жиналғандар қаладағы медициналық ұйымдардың мамандарына қаралып, тегін дәрігерлік кеңес алды. Сондай-ақ, салауатты өмір салтын қолдайтын жастардың қатысуымен түрлі спорт ойындары ұйымдастырылды. Іс шараға қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлан Қасымов бастаған бір топ медицина өкілдері қатысты.

Дерек көзі: otyrar.kz

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *